Исламабадта Қазақстан мен Пәкістанның бірлескен әскери комиссиясының отырысы өтті. Бұл Пәкістан қорғаныс ведомствосында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен комиссиясының жетінші отырысы.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы Қорғаныс министрліктері Халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің бастықтары полковник Олжас Құсайынов пен генерал-майор Маджид Жахангир 2022 жылға арналған әскери ынтымақтастықтың қорытындыларын шығарды.
Тараптар сондай-ақ әскери білім, жауынгерлік дайындық және бітімгершілік саласындағы ынтымақтастықтың даму бағыттарын да талқылады.
Қорғаныс саласындағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығы үнемі кеңейіп келе жатқанын атап өткен жөн.