Студенттер оқу ақысын несиемен өтей алады

0
363

Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктері мен «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы келісімнің жаңа жобасы бойынша халықтың әлеуметтік осал тобына жататын студенттерден бөлек, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын студенттер де оқу ақысын төлеу үшін несие ала алады.

Жобада несие шартына қатысты талаптар өзгермеген.  Несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 9%. Студент несиені оқуды бітіргеннен кейінгі 15 жыл ішінде төлей алады. Несие алушы не кепілге мүлік қоюы, не кепілгер адам ұсынуы шарт.

Білім несиесін рәсімдеу үшін студенттің әлеуметтік мәртебесі келесі санаттарға жатуы керек:

  • жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
  • мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;
  • ата-аналары мүгедектігі бар адам болып табылатын студенттер;
  • көп балалы, табысы аз немесе толық емес отбасыдан шыққан студенттер;
  • ата-аналары зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер.

Сонымен қатар, үміткерлердің оқу үлгерімі жоғары болуы тиіс.

Айта кетейік, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те студенттерге 2023-2024 оқу жылынан бастап оқу ақысын төлеу үшін банктен 2-3 пайыздық кредит берілетінін хабарлады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here