2025 жылдан бастап барлық аудан-қала әкімдері сайланады

0
579

Қазақстанда сайлауды өткізу процесін жетілдіруге бағытталған бірнеше өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова хабарлады.

«Аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді. 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктердің – 25%-ы, 2024 жылы – 25%-ы, ал 2025 жылы барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайлау арқылы тағайындалады», – деп нақтылады Әділет министрінің орынбасары.

Вице-министрдің сөзінше, сайлау процесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді.

«Әлеуметтік желілерде үгіт-насихатқа рұқсат беру, сол сияқты аумақтық сайлау комиссияларының қызметін кәсібилендіру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтың шекті мөлшерін белгілеу және тағы басқа өзгерістер қамтылған», – деп түсіндірді Алма Мұқанова.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here