10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы БОРТ №1 Телеграм-арнасы жазды.
Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады. Сондай-ақ, саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.