Балаларға арналған алғашқы кәсіптік бағдар беретін мультфильм таныстырылды

0
222

Бүгін Алматы қаласында «Қазіргі жағдайдағы сапаның даму тенденциялары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында алғашқы анимациялық фильм мен ертегі кітабы таныстырылды.

Мультфильм стандарттау және метрология бағыттары бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде әзірленген.

Дүниежүзілік сапа күніне арналған конференцияда сондай-ақ кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін тиімді және пәрменді ұлттық сапа инфрақұрылымын құру, қызметтің барлық салаларына, оның ішінде кадрлар даярлау тәсілдерін оңтайландыру және трансформациялау, кәсіпорындарды орнықты дамыту жолымен өнім сапасын арттыру, арттырудағы халықаралық стандарттардың рөлі туралы мәселелер талқыланды.

«Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бөлігінде халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштерін белгілейтін ұлттық стандарттарды пилоттық енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, ұлттық стандарттау жоспары шеңберінде экономиканың 16 саласында халықтың өмір сүру сапасының 120-дан астам көрсеткішін белгілейтін, оның ішінде байланыс қызметтерін, көлік қызметтерін, медициналық қызметтерді, қаржылық қызметтерді, білім беру қызметтерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және сауданы ұсыну сапасын көрсететін 37120 сериялы 3 іргелі халықаралық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде», – деді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Сондай-ақ ҚР СИМ ТРМК «ҚазСтандарт» ұйымы қызметкерлері Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетімен бірлесіп «Техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру» тақырыбында оқу орындарының өкілдеріне семинар өткізді. Соңында мастер-класс мен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

«Биылғы жылы конференцияны өткізу алаңы ретінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті оның базасында КазСтандарт Академиясының құрылуына байланысты таңдалды. Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерінде білім беру сапасын, өндірістің барлық салалары үшін, оның ішінде техникалық реттеу, метрология және стандарттау саласында мамандар даярлау деңгейін арттыру бар екенін атап өтемін», – деді «ҚазСтандарт» Бас директоры Ғабит Мұхамбетов.

Айта кетейік, жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде Дүниежүзілік Сапа күні атап өтіледі. Дәстүр бойынша, Дүниежүзілік сапа күнін мерекелеу аясында қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін өнімдер мен қызметтердің сапасын үздіксіз арттырудың маңыздылығын көрсететін іскерлік іс-шаралар өткізіледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here