Халықаралық сарапшылар Өскеменде болды

0
166

2011 жылғы Вена құжатының ережелерін сақтауды бағалау бойынша құрамында Бельгиядан келген әскери сарапшылар мен даниялық инспекторлар бар көпұлтты топ Өскемен қаласында орналасқан механикаландырылған бригадада болып қайтты.

Халықаралық құжат сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайтуға бағытталған. Құжаттың ережелеріне сәйкес Қазақстан алмасу шеңберінде жыл сайын қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерінің саны туралы ақпарат береді.

Көпұлтты топтың жетекшісі подполковник Дирк Аденаур инспекция жүргізуге көрсеткен көмегі үшін ҚР Қорғаныс министрлігіне алғысын айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанның қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерінің орындалуына оң баға берді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here