Сенаторлар ТМД ПАА Тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты

0
484

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Владимир Волков және Сағындық Лұқпанов ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.

Владимир Волков ТМД ПАА Құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында «Қаржы мәмілесі туралы», «Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жолдары туралы», «Қорлар туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Зиян келтіруге байланысты міндеттемелер туралы», «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл туралы» және «Инвестициялық және сенімгерлік банк қызметі туралы» үлгі заң жобаларын әріптестерімен бірге талқылады.

Сенатор Сағындық Лұқпанов Экономика және қаржы мәселелеріне арналған отырыста мемлекеттік сатып алу және салық салу саласындағы ұлттық заңнаманы жақындастыру мәселелерін өзге елдердің парламентшілерімен бірге көтерді және цифрлық экономиканы дамытуға ерекше назар аударды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here