ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысы өтті

0
197

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Әскери комитетінің отырысына қатысты.

Бейнеконференцбайланыс режимінде өткен кеңеске Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы күштері бас штабтарының бастықтары қатысты.

Отырыс барысында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндер қаралып, оларға қарсы іс-қимыл шаралары да талқыланды.

Одан басқа ҰҚШҰ-ның бітімгерлік әлеуетін дамыту, соның ішінде БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қосылу туралы сөз болды.

Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басқару пунктінде қорғалған бейнеконференцбайланыстың ақпараттық бағытын кеңейту жайлы да ақпарат тыңдалды.

Кездесуге қатысушылар ұйымды жетілдіру, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери авиациясының халықаралық ұшуларын қамтамасыз ету аспектілерін және басқа да бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here