Мейрам Қажыкен білім беру кәсіподақтарының мүшелерімен кездесті

0
351

Бүгін Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан тіркелген кандидат Мейрам Қажыкен білім беру кәсіподақтарының мүшелері – мұғалімдермен кездесті. Бұл туралы кандидаттың штабы хабарлады.

Кандидат мұғалімдерге өзі туралы және сайлауалды бағдарламасы туралы айтты. Балаларды тәрбиелеу мен болмысын қалыптастырудағы педагогтардың жоғары мәртебесін атап өтті.

«Мұғалімнің жұмысын қиын еңбек жағдайларына байланысты жұмыспен салыстыруға болады. Мұғалімдер жоғары психоэмоционалды жүктемені сезінеді, кешке үйде жұмыс істейді. Бұл өте қиын. Өз бағдарламамда зиянды және қиын еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін ерте зейнетке шығуды қайтару қажеттігін көрсетемін», – деп өз пікірін айтты Мейрам Қажыкен.

Кандидаттың бұл пікірін педагогтар қолдады. Ал, кәсіподақтар ЕТЖ есептеу әдістемесін әзірлеп, оны Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынды.

Мейрам Қажыкеннің айтуынша, бүгінгі таңда біздің елімізде ең төменгі жалақы көрсеткіші (ЕТЖ) жүйелі есептелмейді, оны басқа базалық мөлшерлемелер сияқты белгілі бір кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітеді. Жұмыс беруші өз кезегінде осы көрсеткішке сүйене отырып, қызметкерлердің жалақысын белгілейді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here