Нұрлан Әуесбаев Жаңаөзен тұрғындарымен жүздесті

0
351

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында өңірлерді аралап жүр. Бұл туралы кандидаттың штабы хабарлады.

Дүйсенбі күні Нұрлан Сатыбалдыұлы Жаңаөзенде болып, жергілікті тұрғындармен жүздесті.

«Бүгін жаңаөзендіктермен кездестім. Жиналған қауымға өзімнің сайлауалды бағдарламам жөнінде айтып бердім. Мәслихаттардың қалай құрылуы керектігі жөнінде пікір білдірдім. Менің ойымша, мәслихат депутаттары партия тізімдері бойынша емес, өзін-өзі ұсынушылар қатарынан ғана сайлануы тиіс. Бұл халық қалаулыларының сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады. Осындай нақты қадамдар арқылы ғана біз халықтық бақылаудың шынайы жүйесін жасақтай аламыз», – деп пікір білдірді кандидат.

Бұған дейін Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысының Ақкөл қаласында болды. Кездесу барысында саясаткер жиналған қауымға сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндады.

«Бағдарламамның саяси тұсына қатысты халықтың қызығушылығы өте жоғары. Мен не себепті парламенттік-президенттік билікке көшуді ұсынып келемін? Жауап нақты әрі айқын. Бұл бюджет қаражатына қатысты халықтық бақылауды орнатуға мүмкіндік береді», – деді Нұрлан Сатыбалдыұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here