Саясат Нұрбек Абай университетінде болды

0
332

Бүгін, 15 қарашада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Абай атындағы ҚазҰПУ-да Абай студенттік орталығының салтанатты ашылуына қатысты.

Министр студенттерді ең батыл идеяларды жүзеге асыруға, қызықты жобалар мен стартаптарды дамытуға көмектесетін жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады. Орталық жалпы білім беру саласын дамытуға қызмет ететінін және еліміздің басқа университеттері үшін үлгі болатынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылым саласына, адами әлеуетті арттыруға, жастарды қолдауға ерекше көңіл бөліп отырғанын да тілге тиек етті.

«Бұл орталық университетке ел Президенті қойған міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі. Мен Борис Умановтың игі ісін ерекше атап өткім келеді. Белгілі педагог-ғалымның ұлы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың дамуы мен еліміздің педагогикалық білімінің қалыптасуына зор үлес қосқан әрі заманауи қазақстандық педагогиканың негізін қалаушылардың бірі Григорий Абрамович Умановтың құрметіне Abai Student Center құруға демеуші бола отырып, студенттерге үлкен қолдау көрсетті», – деп атап өтті министр.

Университет ректоры Дархан Біләлов осындай маңызды іс-шараға қатысқандардың барлығына алғысын білдіріп, тұңғыш университеттің негізі оқытушылар мен студенттер болып табылатынын айтып, «Сондықтан біз олардың тиімді оқуы мен жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз», – деді.

Іс-шара барысында ең заманауи құрал-жабдықтармен және қажетті материалдармен жабдықталған Студенттік орталыққа экскурсия жасалды. Мұнда студенттерге арналған коворкинг-орталық, пікірсайыс және университет клубтары (бүгінде 26 клуб бар) жұмыс істейтін кабинеттер, музыка бөлмесі, жоғарғы қабатта Психологиялық көмек көрсету орталығы, Жас ақындар орталығы орналасқан.

Министр ғалымның отбасының қолдауымен жабдықталған профессор Г.А. Уманов атындағы аудиторияда да болды. Оқу аудиториясы заманауи жиһаздармен және техникалық мүмкіндіктері бар DigiTouch ВВ-86 интерактивті панелімен жабдықталған.

Саясат Нұрбек университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және қызметкерлерімен кездесті. Республика күніне орай ел Президентінің Жарлығымен марапатталған білім және ғылым саласының бірқатар өкілдеріне «Ерен еңбегі үшін» медальдары, сондай-ақ министрдің Құрмет грамотасы мен алғыс хаты табыс етілді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here