Сенат вице-спикері Молдова елшісімен кездесті

0
383

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Лилиан Дариймен кездесті.

Тараптар келіссөз барысында екі ел арасындағы екіжақты негізде де, халықаралық ұйымдар аясында да өзара тиімді қарым-қатынастардың қарқынды дамуын атап өтті. Шетелдік дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан жан-жақты өзгерістер мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша елдің ұстанымы туралы хабардар етілді.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Молдова арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық байланыстарды, оның ішінде парламенттік достық топтарының жұмысын одан әрі тереңдету туралы уағдаласты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here