Келесі жылы шәкіртақы 20 пайызға артады

0
615

Қазақстанда 2023 жылы шәкіртақы 20 пайызға көтеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифигінде Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиев айтты.

«Қазіргі таңда жоғары білім саласындағы ұлттық саясаттың ең басты міндеттерінің бірі – жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осы тұрғыда елімізде бірнеше жобалар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда елімізде 119 жоғары оқу орындарында 600 мыңнан астам студент білім алуда. Соның ішінде 30%-ға жуығы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алып жатыр. Және жыл сайын грант саны да өсуде. Биыл оның саны 88 мыңды құрады. Оның 60%-ы техникалық мамандықтарға берілген. «Серпін» бағдарламасына 3 603 грант бөлінсе, шетелдік азаматтарға 490 грант бөлінген», – деді Қуаныш Асылханұлы.

Вице-министрінің сөзінше, биыл гранттарды бөлу моделін жетілдіру қарастырылып жатыр. Оған қоса студенттердің шәкіртақысы да өскен.

«Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсті. Былтыр бакалавриат студенттері – 31 000 теңге алса, енді 36 000 теңге алып отыр. Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы биыл 15%-ға өсті», – дейді вице-министр.

Қуаныш Асылханұлы бұл үрдістің келесі жылы да жалғасатынын тілге тиек етті. Келер жылы да студенттердің шәкіртақысы тағы 20%-ға көтерілмек.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here