Қазақстандықтар әлемнің 53 елінде дауыс бере алады

0
601

ҚР Сыртқы істер министрлігі 20 қарашада өтетін кезектен тыс Қазақстан президенті сайлауында еліміздің шет елдердегі мекемелері жанындағы сайлау учаскелерінің қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.

«Әлемнің 53 еліндегі 68 сайлау учаскесінде 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді деп жоспарлап отырмыз. Шетелде дауыс беру процесін уақытылы және толыққанды дайындау үшін Қазақстан азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласуды және сайлаушылар тізіміне енгізу үшін деректерді ұсынуды сұраймыз», – деп атап өтті Айбек Смадияров.

СІМ ресми өкілінің айтуынша, шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыс беру 20 қараша – жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 07:00-20:00 аралығында өтеді.

Айбек Смадияров биылғы кезектен тыс Қазақстан президенті сайлауында Украинадағы сайлау учаскелері жұмыс істемейтінін айтты.  Бұл шешім аталған елдегі жағдайға байланысты қабылданған. Сондықтан сайлауға қатысуға ниетті қазақстандықтар Молдова немесе Польшаға барып дауыс бере алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here