Эстония қонақтары Абай университетінде болды

0
458

Қазақстандағы Эстонияның Елшісі Тоомас Тирес пен Эстония Білім және жастар кеңесінің халықаралық бағалау бөлімінің басшысы Гунда Тире Абай атындағы ҚазҰПУ-да болып, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Гунда Тире сарапшы ретінде профессор-оқытушылар құрамына, жас ғалымдарға және студенттерге білім алушыларды бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) туралы ашық дәріс оқыды, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында Гунда Тире PISA нәтижелері саясаткерлерге, оқытушыларға және зерттеушілерге білім беру жүйелерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға көмектесетін пайдалы деректер беретінін атап өтті. Ұсынылған мол тәжірибе мен терең білім қатысушылар арасында белсенді пікірталас тудырды, студенттердің оқу нәтижелерін оңтайландыру туралы идеялар мен көзқарастарымен бөлісті.

Тоомас Тирс пен Гунда Тиренің Абай университетіне сапары Эстония мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here