Бейжіңдегі сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды

0
314

Қытай Халық Республикасында Қазақстан Елшілігі жанындағы №257 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де (Астана уақытымен 18:00-де) жабылды. Бұл туралы Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық өкілдігі жанындағы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аққошқаров хабарлады.

«Осы күндері Бейжіңнің Чаоян ауданында ковидке байланысты шектеулерге қарамастан, сайлаушылардың бүгінгі белсенділігі жақсы болды», – деді Нұрлан Аққошқаров.

Қазақстан Республикасының Қытайдағы Шанхай және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта дауыс санау жүргізілуде.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here