ШЫҰ бас хатшысы сайлаудан алған әсерін айтты

0
220

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин бүгін өтіп жатқан Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауынан алған әсерін айтты.

«Алғашқы әсерім – сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бүкіл учаскелерде байқаушылардан да, комиссия мүшелерінен де «заңсыздық тіркелді ме?» деп сұрадым. Бәрі «жоқ» деп жауап берді. Бір комиссия мүшесі осыған дейін учаскелерде тәртіпсіздік болуы мүмкін деп ойлағанын, бірақ бәрі тыныш болғанын айтты. Екінші алған әсерім – комиссия мүшелері де, байқаушылар да бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сайлау учаскелерін кеше аралап бастағанбыз. Бүкіл учаскелер ұйымдасқан түрде жұмыс істеп тұрды. Бүгін мен барған сайлау учаскелерінің бәрінде өкілдер өздерін кәсіби ұстады. Дауыс берушілерді тіркеу процедурасын бақылап көрдім. Тіркеу жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуден басталады екен. Кейін оны құжат бойынша тізімнен іздеді. Осыдан кейін учаскедегі қызметкер дауыс беру бюллетенін беріп, ол оның аяқ жағына қол қойды. Осының бәрін байқаушылардың бәрі жіті қадағалап отырды. Түрлі сайлау учаскелерінде байқаушылардың саны әр түрлі болды. Бірақ, бәрі өз орнында отырды», – деді Чжан Мин.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here