ҚазҰАЗУ өз қызметкерлерінің еңбекақысын көтереді

0
546

Кез келген университеттің бәсекелестік артықшылықтарын жасау және оны сол деңгейде ұстап тұру, ең алдымен, оның бәсекеге қабілетті лайықты еңбекақы алатын кадрларына байланысты.

Қазіргі уақытта «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ-та оқитын студенттер контингенті шамамен 6 500 адамды құрайды, ал профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ), әкімшілік-басқарушы персонал (ӘБП), оқыту-көмекші персонал (ОКП), қызмет көрсететін (ҚК) құрамның саны 1 800 адамды құрайды, яғни 3-4 студентке бір қызметкерден келеді. Мұндай жағдайда университетті тиімді басқару туралы сөз айтудың өзі мүмкін емес. Сондықтан ҚазҰАЗУ Басқармасы ӘБП, ОКП және ҚК санын айтарлықтай қысқарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, университет басшылығының ұсынысы бойынша, Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес ҚазҰАЗУ Басқармасының саны 10-нан 6 адамға дейін қысқарды, орынбасарлардың, проректорлардың және басқа да басшы кадрлардың саны екі есеге азайды.

Қысқартылуға түскен барлық штаттық қызметкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес бір ай бұрын хабарламалар берілді әрі жұмыстан шығу жәрдемақылары толық төленетінін атап өткен жөн.

Басқару штатын мұндай оңтайландыру университетке 2022 жылғы 1 қазаннан бастап профессор-оқытушылар құрамының жалақысын 25%-ға арттыруға, ал ағымдағы жылдың 22 желтоқсанынан бастап  ӘБП, ОКП, ҚК жалақысын 25%-ға арттыруға мүмкіндік туғызды.

Жаңа 2023 жылы рейтингтік бағалау негізінде университет қызметкерлерінің ең белсенді бөлігінің тиімді еңбек үлесін ескере отырып, ӘБП, ОКП, ҚК құрамының жалақы мөлшерін 40-50%-ға дейін және одан да көп ұлғайтуға мүмкіндік беретін ынталандыру жүйесін енгізу жоспарлануда.   

Біздің түпкі мақсатымыз – профессор-оқытушылар құрамы мен ЖОО қызметкерлерінің еңбекақысын еліміздің жетекші университеттерінің деңгейіне көтеру.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here