Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

0
976

Биылдан бастап желтоқсан айындағы мерекелер санының қысқаруына байланысты демалыс күндері де азайды.

Айта кетейік, 2012 жылдан бері аталып келген 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні биылдан бастап мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылды. Бұл күн мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекеленеді. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар демалмайды.

17 желтоқсан ұлттық мерекелер тізімінен алынды. Сондықтан бұл дата да жұмыс күні саналады. Биыл 16 желтоқсан жұмаға тұспа-тұс келеді. Демек, қазақстандықтар Тәуелсіздік мейрамына орай үш күн демалады – 16, 17 және 18 желтоқсан.

Осылайша, ел азаматтары желтоқсанда 10 күн ғана демалыста болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here