«Еркін сөз» шығармашылық байқауының биылғы жеңімпаздары марапатталды

0
2180

Кеше, 30 қарашада «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры және «Халық банкі» Акционерлік қоғамының серіктестігімен қазақстандық БАҚ өкілдері арасында қаржы тақырыбына өтетін «Еркін сөз-2022» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты кеші Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің «Grand Palac» залында өтті. Шараға журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты. Бас жүлдеге 500 мың теңге, арнайы марапатқа 100 мың теңге ақшалай сыйлық және арнайы диплом және сертификаттар табысталды.

Қаржы тақырыбында жазып, бас жүлде алған журналистер:

«Үздік мақала» аталымы бойынша бас жүлде – Абай Қазбекұлы;
«Үздік телесюжет» аталымы бойынша бас жүлде – Мерей Мұратханқызы;
«Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша – Мелс Сейдахметов.

Арнайы сыйлықпен марапатталған журналистер:

Нұрперзент Домбай атындағы сыйлық – Амандық Сағынтайұлы;
Қуандық Шамахайұлы атындағы сыйлық – Ділда Уәлибек;
Бақытгүл Мәкімбай атындағы сыйлық – Аяулым Смағұлова;
Айнұр Сыдықова атындағы атындағы сыйлық – Сымбат Сатыбалдина;
Жолдасбек Дуанабай атындағы сыйлық – Нұрболат Адырбек;
Сәкен Орынбасарұлы атындағы сыйлық – Салтанат Ақтәжиева.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here