Үш күннің ішінде мал ұрлығының 15 дерегі ашылды

0
531

Ағымдағы жылдың қараша айының 28 мен 30 аралығында облыс аумағында «Мал ұрысы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде мал ұрлығының 15 дерегі ашылып, оның ішінде 4 қылмыстық топ құрықталды және өткен жылы болған 6 қылмыс ашылды.

Сондай-ақ, осы кезеңде 3 мал ұрлығы дерегі орын алды, оның  барлығы дер кезінде ашылып, үй жануарлары иелеріне қайтарылды. 

Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша (ауыл шаруашылығы жануарларын және ет өнімдерін ілеспе құжатсыз тасымалдауды бұзу немесе ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу) – 51 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) – 95 дерек анықталды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларларын жаю қағидаларын бұзу себебінен республикалық автожолдарда 16 жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан 3 адам қайтыс болып, 28 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Жамбыл облысының Полиция департаменті үй жануарларын қараусыз қалдыру ұрлыққа ғана емес, адам өліміне де әкеп соғатындығын ескертеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here