Жергілікті әскери басқару органдарына жаңа көліктер берілді

0
182

Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жергілікті әскери басқару органдарына арналған қызметтік автокөліктер тапсырылды. Ақтөбеде облыс әкімдігі қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге отандық кәсіпорындарда құрастырылған жаңа 13 жеңіл автокөлік табыс етті. Іс-шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

Жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы алдында сөз сөйлеген аймақ басшысы:

– Биыл тәуелсіздік күзетінде тұрған Қазақстан Қарулы күштеріне 30 жыл толды. Еліміздің тыныштығы мен өркендеуі жолында атқарған қызметтеріңізге алғысым шексіз, – деді.

Қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерге берілген жаңа автокөліктер әскерге шақыруды ұйымдастыру, әскери оқытылған резервті зерделеу мен есепке алу, әскери-патриоттық жұмыстарды жүргізу жөніндегі тапсырмаларды орындауда қызметкерлерге елеулі көмек болмақ.

 – Жекелеген елді мекендердің аудан орталығынан едәуір қашықтығын ескерсек, бұл көліктердің халықпен, оның ішінде әскерге шақырылушы жастармен өзара іс-қимыл және кері байланыс жасауда үлкен маңызға ие. Енді біздің қызметіміздің жеделдігі де айтарлықтай артады, – деп атап өтті Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Қасымхан Мединаев.

Ақтөбе облысының басшылығы жергілікті әскери басқару органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жүргізіп жатқанын айта кету керек. Әйтеке би, Алға, Ырғыз аудандарында қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен шақыру пунктері жаңа ғимараттарда орналасқан. Сондай-ақ Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарында жергілікті әскери басқару органдары үшін әкімшілік объектілердің құрылысы ұйымдастырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here