Тағы бір сәби пойызда дүниеге келді

0
377

5 желтоқсанда сағат 11:17-де Қарағанды – Жезқазған учаскесінде №66 «Астана – Жезқазған» пойызында жолсеріктер толғақ қысқан әйелді босандырып алды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның Баспасөз қызметі хабарлады.

Жүкті әйел күйеуімен бірге Қарағандыға бара жатқан. Кенеттен толғақ қысып, елдің бәрін аяғынан тік тұрғызады. Әйелді пойыз бастығы Индира Құлмаханова өзі босандырып алады. Пойызда дүниеге келген қыз бала. Әйелді босандырған соң пойыз қызметкерлері жақын қалған станцияға хабарласып, жедел жәрдем шақыртқан. Жезқазғанға келген соң ана сәбиімен ауруханаға жеткізілді.

«Пойыздың барлық қызметкеріне алғысым шексіз. Бәріміз абдырап қалдық. Ал Индира жүректі екенін көрсетті. Қызымды аман-есен дүниеге әкелуге көмектескені үшін отбасымызбен ризамыз», – дейді сәбидің әкесі.

Жолда дүниеге келген сәбидің есімін ата-анасы Арай деп қойды. Ол – отбасының тұңғыш перзенті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here