Ұстаздар ұстаханасында педагогикалық идеялар фестивалі өтті

0
973

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде педагогикалық идеялар фестивалі өтті. Аталмыш шара балаларды қорғау жылына орай «Балалардың әл-ауқаты және ментальді саулығы» тақырыбының аясында өрбіді.

Биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 28 қараша және 2 желтоқсан аралығын қамтыған мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен университет арасындағы өзара педагогикалық тәжірибе алмасулар болды. Бұл кезең барысында қалалық мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетекші әдіскер мұғалімдері болашақ педагогтерге ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізді. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жетекші ғалымдарының шеберлік сыныптары да ұйымдастырылды.

Фестивальдің екінші кезеңі желтоқсан айының 2-3 күндері «EdTalks: Бәрі балалар туралы» атауымен пленарлық отырыс және секциялық жұмыстардан тұрды. Игі шараның ашылуында Ed talks форматында өз тақырыптарын еркін форматта талқылауға Аружан Саин, Ақбота Базарбаева, Гүлмира Топанова, Дияра Антаева, Лаура Тайтелиева қатысты. Әр спикер өз саласы бойынша туындап отырған бірқатар мәселелерді алға тартып, оның баланың ментальді саулығына байланысын көрсету арқылы мәселенің шешу жолдарын ұсынды. Спикерлер баяндамаларынан кейін қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Фестивальдің дөңгелек үстел форматында өткен 2 секция Балалар әдебиетінің бүгіні туралы ауқымды тақырыпты қозғады. Дөңгелек үстелде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының профессоры Ақыш Нұрдәулет, «Айгөлек» балалар журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы, «Умай» ертегілер жинағының авторы Ғалия Өтебекова баяндама жасады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here