ШЫҰ және ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кездесті

0
402

Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.

Халықаралық қауіпсіздік және өңірлік тұрақтылықты қолдау, әскери саладағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Ауғанстандағы тұрақсыздық пен террористік қауіптің жоғары деңгейіне байланысты алаңдаушылық білдірілді.

Кездесуге қатысушылар ұлтшылдықтан, фашизмнен және милитаризмнен арылту мен көзсіздіктің кез келген әрекетіне жол берілмеу керектігін мәлімдеді.

Бірлескен коммюникеде ұйымдар шеңберінде одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығы, терроризмге қарсы күрес, оны қаржыландыру арналарын жабу және экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл төңірегінде бірлескен күшті арттыру қажеттігі атап өтілді.

Сапар аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы армия генералы Сергей Шойгумен кездесті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here