Үкіметтегі ауыс-түйіс

0
999

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында Сенатта сөйлеген сөзінде Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасау жоспары бар екенін айтты. Оны Президент: «Мен жақында өткен Үкімет отырысында бұл мәселе бойынша нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша Үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзету үшін әрекеттерін қолдануда, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасамақшымын. Жалпы, Үкіметтің алдында тұрған мақсаттар – өте ауқымды және өзекті», – деп түсіндірді.

Сонымен, бүгін Президенттің Жарлығымен:

✍️ Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына;

✍️ Зүлфия Болатқызы Сүлейменова – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына;

✍️ Ғани Бектайұлы Бейсембаев – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына;

✍️ Марат Кәрімжанұлы Қарабаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына;

✍️ Азамат Несіпбайұлы Есқараев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына;

✍️ Асхат Раздықұлы Оралов – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here