Қарулы күштерде бөлімшелерді дайындау басталды

0
422

Қазақстан Қарулы күштеріне 2023 оқу жылынан бастап енгізілген жарты жылдық жауынгерлік даярлық жүйесіне сәйкес әскерлерде бөлімшелерді (бөлімшелерді, экипаждарды, есептоптарды) үйлестіруге кірісті.

Жауынгерлік оқудың бұл кезеңінің алдында мамандық бойынша дайындық шаралары жүзеге асты. Оның барысында әскери қызметшілер бір ай бойы өздерінің лауазымдық міндеттерін зерделеп, сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы игерді. Ал бақылау сабақтарында өздерінің дайындық деңгейін көрсетті.

Үйлестіру – кезекші ауысымдардың, экипаждардың, есептоптар мен бөлімшелердің құрамындағы әскери қызметшілерді кез келген жағдайда қойылған міндеттерді орындау үшін келісілген іс-қимылдарға үйрету процесі. Бөлімшелерді үйлестіру «қарапайымнан күрделіге» әдістемелік дәйектілікпен оқытудың барлық пәндері бойынша сабақтар барысында жүзеге асырылады. Онда бөлімшенің жауынгерлік іс-қимылдардың тәсілдерін орындау техникасы пысықталатын болады. Ал офицерлер мен сержанттар бағынысты бөлімшелерді басқаруда тәжірибе жинап қана қоймай, жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастырудағы дағдыларын, сондай-ақ моральдық-психологиялық жай-күйін жетілдіреді.

Барлық сабақтар мамандандырылған сыныптарда, тренажерлік кешендерде және оқу полигондарында өтті.

Бөлімшелерді даярлау алдағы ақпан айында жауынгерлік ұрыс түрлерін қамтумен аяқталады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here