Бүгін еліміздің 7 өңірінде оқушылар мектепке бармайды

0
445

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар бірінші ауысымдағы сабақты қашықтан оқитын болды. 

Абай облысында 9 қаңтар күні Семей және Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Аягөз аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері онлайн білім алады. Қалған аудандарда сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді.

Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында 0-11 сынып оқушылары үйде қалады. 

Қостанай облысында облыс орталығы мен Рудныйда, Амангелді, Жангелдин, Жітіқара аудандарында балалар мектепке бармайды.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 35 градус аязға байланысты 0-11 сынып оқушылары және колледждің 1,2 курс студенттері қашықтан оқиды. 

Бүгін Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан білім алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here