Жастарға 2,5 пайызбен 5 млн теңге кредит беріледі

0
2024

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға жеңілдетілген несие беру қағидасын бекітті. Бұл бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асады.

Несие кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-ден 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде беріледі. Жылдық сыйақы мөлшері 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.

Несиені кез келген мақсатта 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Қазіргі уақытта министрлік жергілікті атқарушы органдармен несиелік шарттар және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасап жатыр. Сондай-ақ, кредит алғысы келетіндердің бизнес-жобаларын қарайтын өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Несие алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here