Қазақстанда темекі мен вейптер қымбаттады

0
633

Қазақстанда жаңа жылдан бастап темекі өнімдерінің акциздері көтерілді. Соның нәтижесінде баға да қымбаттады.

Биыл темекі өнімдерінің бағасы тағы 60 теңгеге көтеріліп отыр. Қазіргі кезде бір 20 сигарет салынған бір бума темекінің бағасы 650 теңгеден басталады. Сонымен қатар, вейптердің бағасы да өсті.

Былтыр Салық кодексіне акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін өзгерістер енгізілген болатын. Осылайша, алдағы үш жылда акциздер біртіндеп көтеріледі. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес фильтрлі сигареттер:

  • 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
  • 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
  • 2025 жылы – 15 900 теңге/1000 дана тұрады.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың өлшемін келіден данаға өзгерте отырып, сигареттер акциз ставкасының мөлшерінен 70% деңгейінде айқындалды:

  • 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
  • 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
  • 2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.

Сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексті қолданысқа енгізу туралы» заңның 43-бабына өзгерістер енгізілді. Ол бойынша электронды темекіде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка жоғарылайды:

  • 2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтық;
  • 2024 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық;
  • 2025 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here