Жаңа жылда кімдердің айлығы артады?

0
418

Қоян жылында елімізде мұғалімдер, дәрігерлер, өрт сөндірушілер, әскери қызметшілер мен балабақша тәрбиешілерінің айлығы артады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектеп пен колледж мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы тағы 25 пайызға өседі. Бүгінде бұл салада 500 мыңға жуық маман еңбек етеді.

Биыл ақ халатты абзал жандардың да қалтасы қалыңдайды. Атап айтқанда, қоян жылы дәрігерлер 561 мың теңгеге дейін, ал медбикелер 249 мың теңгеге дейін жалақы алады. Елімізде 76 мыңнан астам медицина қызметкері бар.

Босағадан аттаған жаңа жылда өрт сөндірушілердің ең төменгі айлығы 180 мың теңгені құрайды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, үш жыл бұрын өрт сөндірушілер 65 мың теңге айлық алатын. Демек, жауапкершілік жүгі ауыр мамандық иелерінің айлығы жылда артып келеді. Биыл қатардағы құрамның айлығы 70 пайызға, ал басқарушы құрам – өрт сөндіру қызметі мен бөлім басшыларының айлығы 10 пайызға артады.

Жаңа жылда айлығы артқандардың қатарында әскери қызметшілер де бар. Олардың жалақысы 60 пайызға дейін көбейеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here