Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі артты

0
224

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың өсуіне жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 450 теңгеге дейін артуы әсер етті.

Енді ең төменгі айыппұл мөлшері 6 900 теңге (2 АЕК) болады. Бұл зиянды заттар шығару немесе шу деңгейін көтерген көлік иелеріне ғана емес, рұқсат етілмеген жерден немесе бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткен жаяу жүргіншілерге де қатысты.

Ең ірі 172 500 теңге (50 АЕК) көлеміндегі айыппұл жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырған және жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізушілерге салынады.

Көлікті сақтандырмағаны, жылдамдықты асырғаны, апатты жағдай тудырғаны және құжатсыз көлік жүргізгені үшін салынатын айыппұлдар да өсті. Олардың көлемі 17 жарым мыңнан 70 мың теңгеге дейін барады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here