Үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы қаулысымен бакалавриат немесе магистратура дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын бөлу қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Zakon.kz порталының жазуынша, жаңа өзгеріс енді арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, әскери қызметшілердің, қайтыс болған немесе қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақаты (жарақат, контузия) салдарынан мүгедектігі бар деп танылғандардың балаларын (асырап алынған, қамқорлыққа алынған, бірге тұратын өгей ұл мен қыздарды қоса алғанда) жоғары білім алуға конкурстан тыс өткізуді көздейді.
Аталған білім беру бағдарламалары топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен, ал қалған 35%-ға гранттар бойынша тек ауыл жастары үшін конкурс өткізіледі.
Жаңа қаулы алдағы 6 ақпанда күшіне енеді.