Әлихан Смайылов әкімдердің жұмысын сынға алды

0
664

28 қаңтарда Премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізіп, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылғы жұмыс қорытындысы, алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.

Премьер-министр Ұлытау облысында құны 27,1 млрд теңге болатын бес ірі жоба іске аспай қалғанын айтты.

«Өңірдегі негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жетпей қалған сома 50 млрд теңгеден асады. Әкімдік бұл олқылықты жаңа жобалар есебінен толтыруға тиіс еді. Облыстың әлеуетін пайдалана отырып, қосымша инвестициялар тартуды және проблемаларды уақытылы шешуді қаматамыз етуі қажет болатын», – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Атырау облысында да өңірдің зор әлеуеті мен қорлары толық іске қосылмағанын атады. Ал, Жамбыл облысында салынған инвестициялардың үштен бірі бюджет қаражаты есебінен болғанын ескертті. Осылайша, Әлихан Смайылов инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдіктерінің жұмысын сынға алды. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here