Ғылымдар патшасына арналған ашық сабақ

0
1253

Немістің әлемге әйгілі математигі Карл Гаусс: «Арифметика – математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы», деген тұжырым жасаған. Осыдан-ақ біраз жайтты аңғаруға болады. Математиктің ХІХ ғасырда айтқан ойы бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, маңыздылығы еселеп артты.

Осы күрделі пәнді оқытуда, оқушыларды оған қызықтыруда мұғалімдерге артылар жүк ауыр. Олар алдымен шығармашыл тұлға болуға міндетті. Неге десеңіз, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жолында базалық техникалық пәндердің бірі ретінде математика бүгінгі уақыттағы білім берудің алдыңғы шебіне шыққаны жасырын емес. Жаңа заман талабы математикалық білім беруді жетілдіріп, оның тиімділігін арттырудың нақты тетіктерін айқындау міндетін қойды. Осы міндетті орындауда ауылдағы мұғалімдердің де еңбегін ескерусіз қалдыруға болмайды. Сондай мұғалімдердің бірі – Қуаныш Бегімбаева.

Қуаныш Нұрәділқызы – Шу ауданының білім бөліміне қарасты Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Оның сандарды қарапайым тілде сөйлету, есепті оңай жолмен шешу арқылы оқушыларды бұл күрделі пәнге қызықтыруда еңбегі зор. Математика пәнінен ашық сабақтар да жиі өткізіп тұрады. Айталық, 4 сынып оқушыларымен өткізген «Пысықтау және қорытындылау» тақырыбындағы ашық сабағы әріптестері тарапынан жоғары бағаланды. Ашық сабақты түрлі жаңа технологияны пайдаланып, топпен жұмыс жасау арқылы өткізді.  Осылайша, оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы Қуаныш Нұрәділқызы оқушылардың білімін шыңдай түсіп жүр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here