«Әл-Фараби 2023» халықаралық олимпиадасы өтеді

0
2393

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан және ТМД елдерінің, сонымен қатар таяу және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы «Әл-Фараби 2023» халықаралық олимпиадасын өткізеді.

Шара Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен жүзеге асады.

Олимпиада жеңімпаздары Оқу-ағарту министрлігінің І, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес, ЖОО-ға түсу кезінде басым құқыққа ие болады. Сонымен қатар жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға ҚазҰУ гранты табысталады.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады: 1-ші және 2-ші кезеңдер online түрде www.kaznu.kz сайтында http://online-test.kaznu.kz сілтемесі арқылы өтеді.

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, информатика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, математика, неміс тілі, орыс тілі және әдебиеті, физика, француз тілі, химия.

Олимпиадаға тіркелу 1 ақпан мен 20 ақпан аралығында www.kaznu.kz сайтында онлайн түрде жүргізілетінін мәлімдейміз.

Қазақстандық оқушылар үшін 1-кезең 27-28 ақпан (сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін), 2-кезең 9-10 наурызда (сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Астана уақыты бойынша) онлайн режимде өткізіледі.

ТМД елдерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден қатысатын білім беру ұйымдарының түлектері үшін 1-кезең 1 наурыз (сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Астана уақыты бойынша), 2-кезең 07 наурызда (сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Астана уақыты бойынша) онлайн режимде өткізіледі.

Екінші және үшінші кезеңге 23 және одан жоғары балл алған қатысушылар өтеді.

Қазақстандық оқушылар үшін 3-кезең наурыз айының 16-17 күндері офлайн форматта университет базасында өтеді. Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 3-кезеңінің тапсырмалары теориялық және практикалық есептер түрінде болса, ал жалпы гуманитарлық бағытта эссе жазу және университеттің зертханалық кешендерінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша теориялық сұрақтарға жауап беруден тұрады.

Шетелдік оқушылар үшін 3-кезең наурыз айының 20-сы күні (Астана уақытымен сағат 15:00-17:00 аралығында) Microsoft Teams арқылы онлайн түрде өтеді.

Правила проведения олимпиады каз.docx

Инструкция пользователя_online-test_каз.doc

Байланыс телефоны: тел.: 377-33-30; 377-33-33; ішкі нөмір 17-31, 17-30

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here