Астанадан Бейжіңге рейстер қайта жанданады

0
513

«Air Astana» әуе компаниясы пандемияға байланысты үш жыл бұрын тоқтап қалған Астана – Бейжің рейстерін қайта жандандырады. Қазақстандықтар Астанадан Бейжіңге 18 наурыздан бастап ұша алады. Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады, ал жазда жиілік ұлғаяды. Жолаушыларды A321LR лайнері тасымалдайды.

Отандық әуе компания 2 наурыздан бастап Алматыдан Бейжіңге рейстер санын аптасына 4 рейске дейін ұлғайтады. Ал, жазғы маусымда рейстерді күн сайын орындау жоспарланып отыр. Алматы мен Бейжің арасында Airbus A321LR және Airbus A321neo ұшақтары қатынайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here