3 наурызда банкроттыққа өтініш қабылдау басталады

0
388

3 наурызда «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң күшіне енеді. Сол күннен бастап кредитін төлей алмай, борышкер атанғандар банкроттыққа өтініш беруге құқылы.

Берешегі барлар соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері арқылы қарызынан құтыла алады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, елімізде 1,1 млн борышкер өзін банкрот деп жариялай алады. Банкрот атанған азаматқа бес жыл бойы кредит берілмейді. Бұған қоса «банкрот» статусы 7 жыл сақталады, ал қаржылық жағдайы үш жыл бойы тексеріліп тұрады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here