Автоматтандырылған анықтамалар

0
742

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтар алатын зейнетақы мен жәрдемақы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы анықтама беру процесін автоматтандырды. Енді бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді.

Министрліктің мәліметінше, бұрын анықтамаларды Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан қағаз жеткізгіште алуға болатын. Азаматтар тарапынан сұраныс көп болғандықтан, қызметті автоматтандыру қажеттілігі туындады. Тек былтыр 210 мыңнан астам адам осындай анықтама алған.

«Еңбек министрлігі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, қажет деректерді мобильді қосымша арқылы 15 минут ішінде электронды форматта алу мүмкіндігін жүзеге асырды. Анықтаманың цифрлық нұсқасында бұған дейін төленген және белсенді төлемдердің мөлшері туралы ақпарат бар. Қызмет алушы 2016 жылдан бастап кез келген кезеңді таңдай алады (ең жоғары кезең – 3 жыл)», – деп хабарлады министрлік.

Қазіргі уақытта анықтамаларды Халық банктің мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. Жақын арада осы қызметті Kaspi Bank-тің қосымшасына да енгізу жоспарланып отыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here