Ақылы жол қызметінің ақысын төлеу тәртібі өзгереді

0
126

«Ашық НҚА» порталында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақылы жолдарда төлем жасау жүйесіне өзгеріс енгізуді көздейтін бұйрық жобасы жарияланды. Жобаны қоғамдық талқылау 16 наурызға дейін жалғасады.

Жоба бойынша ақылы жолдарда алдын ала, ақы алу пунктінде төлеуден бөлек, кейінгі төлемді де енгізу жоспарланған. Оны ақылы жолмен жүргеннен кейін күнтізбелік 7 күн ішінде төлеуге болады.  Осы уақыт ішінде төленбесе, көлік иесіне айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға – 5 АЕК (17 250 теңге), ал заңды тұлғаларға – 10 АЕК (34 500 теңге).

Жаңа ережеге бір айға және бір жылға арналған абонемент анықтамасы енгізіледі. Абонемент сатып алу көлік жүргізушілерінің өз еркінде және оны ақылы жолдарда жүргені үшін берешектерін өтеген соң ғана ала алады. Облыста бірнеше ақылы учаскелер болса, әрбір ақылы учаске үшін жеке абонемент сатып алу қажет.

Енді жүк көліктері автомобиль өткізу пункттеріне кіру уақытын брондап, электронды кезекке тұра алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here