«Сайлау-2023» онлайн марафоны 16 сағат бойы көрсетіледі

0
325

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Сайлау-2023» онлайн марафоны өтіп жатыр. Осымен үшінші рет ұйымдастырылған осы форматтағы ауқымды шара 16 сағат бойы онлайн режимде көрсетіледі.

Онлайн марафонға БАҚ өкілдері, депутаттар, саясаттанушылар, министрлер, түрлі сала қызметкерлері, қоғам белсенділері мен өнер жұлдыздары қатысады. Шара барысында түрлі тақырыптарда дискуссиялар ұйымдастырылып, жедел брифингтер, дауыс беру барысы туралы аймақтардан және шетелдерден тікелей қосылымдар өтеді.

«Сайлау-2023» онлайн марафоны республикалық және аймақтық телеарналардың, басылымдар мен ақпараттық агенттіктерінің сайтында, Facebook және YouTube желісіндегі ресми парақшаларында үзіліссіз түнгі сағат 01:00-ге дейін көрсетіледі.

Көріңіздер!

Сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=hLy8FF9K7iU

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here