Елімізде жәрдемақы 25 мың теңгеге дейін артады

0
596

Қазақстанда 1 шілдеден бастап 7 және одан да көп бала туып, өсірген аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

«1 шілдеден бастап «Алтын алқа» алқасымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, «Батыр ана» атағын алған, яғни 7 баланы дүниеге әкелген және өсірген аналарға республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін өседі (2023 жылы – 25 530 теңге). Бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған анаға қатысты болады», – делінген хабарламада. 

Министрліктің хабарлауынша, бүгінде «Наградталған аналар» мәртебесін беру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі. Қазір 6, 7 және одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Енді марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшерін саралау қарастырылып отыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here