Енді ХҚКО-да неке қидыруға болады

0
477

Осы айдан бастап АХАТ бөлімдерінің функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беріледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері көрсетіледі.

Алматы қаласы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі басшысы Жанар Бейсенованың мәліметінше, неке қию және бұзу, өлімді мемлекеттік тіркеу, акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу, оның ішінде атын, әкесінің атын, тегін өзгерту, әкелікті (анасы екенін) анықтау, бала асырап алу секілді мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру және жою, бастапқы және қайталама куәліктерді, анықтамаларды электрондық нұсқада немесе қағаз түрінде беру қызметтері де бар.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here