Сенатор Алматы қалалық мәслихатындағы тұрақты комиссиялардың төрағаларымен кездесті

0
221

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Мұхтар Әуезов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйінде болды. Онда Алматы қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларымен және Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының басшылығымен кездесті.

Жүздесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың наурыз айында VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында алға қойған тапсырмалары талқыланған негізгі тақырыптың бірі болды.

«Президент мемлекеттің 8 негізгі басымдығына тоқталып, Парламенттің бұдан былайғы жұмысы туралы өз ойларымен бөліскен болатын. Мемлекет басшысы белсенді іскерлікті ынталандыруға, еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға, инфрақұрылымдық даму тәсілдерін қайта қарауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам капиталының сапасын арттыруға, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға, адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, мемлекеттік басқару тиімділігі мен стратегиялық жоспарлау сапасын арттыруға ерекше назар аударуға шақырды», – деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар қаржы бөлудегі өзекті мәселелерді және шығарылатын отандық кітаптардың таралымын ұлғайтуды, тарихи қолжазбаларды дұрыс сақтау және мұрағаттауға арналған арнайы жабдықтарды сатып алу жайын талқылады.

Қалалық мәслихат депутаттары арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, қаладағы тығыз құрылыс, отандық өнімді өндіру және сату мәселелерін көтерді.

Сенатор кездесу соңында ҚР Парламенті Сенатының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың табысын арттыруға бағытталған алдағы заң шығару жұмысы туралы айтып берді.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here