Қазақстандықтар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін екінші тұлғаға онлайн түрде бере алады. Онлайн рәсімдеу келесі жылы шілдеден бастап жүзеге асады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.
«Бұрын көлік сатып алғанда, тіпті онлайн транзакция жасағанда жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға келу керек болған. Енді мұндай қажеттілік жойылды. Көлік нөмірін туыстарына беру мүмкіндігін қарастырдық», – деп түсіндіреді Бағдат Батырбекұлы.
Тағы бір жаңалық, көлік иесі тұрғылықты жерін ауыстырса, көлік нөмірін де ауыстырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, көлік нөмірін тіркеуге қажетті құжаттар саны азайтылады. Министрдің айтуынша, дәл осы оңтайлы жоспарлар толық зерттеліп барып, іске қосылады.