2024 жылы Қарулы күштерде жастарды белсенді түрде тіркеудің пилоттық жобасы басталады. Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау мақсатында жүзеге асырылады. Егер бұрын бұл деректер аудандар мен қалалардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінде өткізілетін шаралар барысында анықталса, енді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциялық өзара іс-қимыл деңгейі 17 жастағыларды олардың тікелей қатысуынсыз әскери есепке алуға мүмкіндік береді. Жастардың денсаулық жағдайы туралы мәліметтер халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерінен алынады.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап 2007 жылы туған Қазақстан азаматтары тіркелуге жатады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл 17 жастағы шамамен 120 000 жігітті құрайды.
Қызметтің белсенді түрде шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін жыл сайын жергілікті атқарушы органдар бөлетін миллиард теңгеден асатын бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл медициналық комиссия мүшелеріне еңбекақы төлеу, шалғайдағы ауылдық округтерден жастарды жеткізу шығындары, кеңсе тауарлары және басқа да қажеттіліктердің орнын жабады.
Қызметті автоматтандыру сол сияқты шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәліктерді алу қажеттігін де жояды.