«7 – 20 – 25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ҚАНДАЙ?

57

Мемлекет басшысы ұсынған «7 – 20 – 25» бағдарламасы өзгенің табалдырығында күнелткен отбасыларды қатты қызықтырып отырғаны жасырын емес. Cондықтан, 105 жылдық тарихы бар «Qazaq»  газеті жеңілдетілген ипотеканы алудың тәртібіне қысқаша тоқталады.

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев аталған бағдарламаның жаңа талаптарын түсіндіріп берді.
Бас банкирдің айтуынша, ең әуелі үй алғысы келетіндердің басында басқа баспана болмауы керек. Бұл – бір.
Екіншіден, азаматтар сатып алғысы келетін баспананы өздері таңдайды.
Үшіншіден, қажетті құжаттарды жинап, банкке барады. Бұл бағдарламаға қатысатын банктер мен қажетті құжаттардың тізімі жақында белгілі болады.
Төртіншіден, ипотеканы тоқтатпай төлеу үшін тұрақты жұмысы әрі жоғары жалақысы болуы шарт.
Егер осы талаптар орындалмаса, азаматтар «7 – 20 – 25» бағдар-ламасына қатыса алмайды.
Айта кетейік, «7 – 20 – 25» бағдарламасы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен жүзеге аса бастайды.