«NEW VOICES»– ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

10

Өткен аптада Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жұптық «New Voices» қалалық байқауы өтті. Байқау екі кезеңнен (іріктеу және финал) тұрды.

Қатысушылар өз қойылымдарын ел назарына ұсынып, көрермендер қошеметіне бөленді.

Академиядағы «New Voices» музыкалық өнер саласындағы беделді кәсіби жарыстардың бірі болып табылады. Мұны қазылар алқасының құрамы дәлелдейді. Олардың қатарында қазақстандық эстрада жұлдыздары Марат Омаров, Жанна Орынбасарова, Мөлдір Әуелбекова, Әнел Арынова болды. Финалда 20 жұп жарысты. Басқа да қатысушылар демеуші «DiamondPro» продюсерлік орталығының дипломдары және сыйлықтарымен марапатталды.

Гран-при иелері П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері Батталиева Алмагүл және Айдарбекова Аружан, І-ші орын иегерлері Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері Тоқбай Талғар және Қыстаубаева Аяжан, ІІ-ші орын иегерлері Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Төленов Ерік пен Жұматова Марал, ІІІ-ші орын иегерлері Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Махмұт Нұрахмет және Рахимжанова Аида атанды.

Қатысушылардың шығармашылық қабілеттері Қазақстанның музыкалық қоғамдастығының басқа елдердегі алдыңғы қатарлы мектептермен бәсекелесуге қабілетті екендігін дәлелдеді. Біздің елімізде бәсекеге қабілетті дарындар әзірленеді.

«New Voices» қалалық дуэт конкурсы біздің студенттердің шығармашылығын одан әрі дамытуға ынталандырды.