Шу ауданына 291 моноблок және 100 ноутбук жеткізілді

0
2209

Оқушылардың қашықтықтан оқуын оңайлату мақсатында Жамбыл облыстық Білім басқарамасынан Шу ауданына 291 моноблок және 100 ноутбук жеткізілді. Бұл туралы Шу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған құрылғылар аудандағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға үлестірілетін болады. Сонымен қатар, Шу аудандық білім бөлімінің мамандары тағы да 200 планшет әкелінетіндігін хабарлады. Аудан әкімдігінің білім бөлімінен құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері компьютерлік техникаларды жеткізу және тарату бойынша жұмыстарға қатысып, моноблоктардың техникалық сипаттамаға сәйкестігін тексеретін болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here