«Тау киесі – арқар»

0
2265

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат – адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. «Адам – табиғаттың патшасы» деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында «Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлгендіктен, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі» екенін атап көрсеткен болатын.

Табиғат – адамзаттың қайнар көзі. Табиғат – өмірімізге қажетті рухани байлық. Табиғат – айналамызды қоршап тұрған ізгілікті әлем. Табиғат – адам тәрбиешісі. Өйткені, адам баласы табиғатта, тіршілікте өсіп-өніп, жетілген, өз пайдасына жаратқан. Табиғат – ырыздықтың, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?!

«Тәрбие басы – тал бесік» демекші, жас буынға табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызуға, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыруға, табиғаттағы сұлулықты көре білуге, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу мақсатында Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте  «Табиғатты аяла» үйірмесінің жетекшісі Т.Басқабаева «Қызылсай мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен «Тау киесі – арқар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, өскелең жастың туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін жетілдіру.

«Қызылсай мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Бас аңтанушы қызметін атқарып жүрген М.Боранбаев оқушыларға дала аңының негізгі қасиеттерін айтып, жұмыс барысында түсірілген арқар, қарақұйрық аңдарының суреттерін көрсетіп оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра түсірді. Қазіргі таңда браконьерлермен қарқынды күрес жұмыстары жүргізіліп жатқандығы және Маңғыстау аумағындағы арқар санының біршама өскендігі туралы мәлімдеді. Оқушылар қорық қызметкерлеріне түрлі сұрақтар қойып, көкейінде жүрген сұрақтардың жауабын тапты. Қорық қызметкерлері оқушыларды Жабайұшқан, Бозжыра тауларына арнайы экскурсия жасауға шақырды.

Дариға ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ,
«Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
Қосымша білім беру педагогы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here